ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алу мониторингі жаңа тәсілмен жүргізілетін болады
© Фото: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2024 жылғы 4 желтоқсандағы бұйрығымен ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын жаңа редакцияда бекітті.
ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алу мониторингі жаңа тәсілмен жүргізілетін болады
Қор Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық қызметтер (көмек) көрсетуге шарт жасасқан шетелдік медициналық ұйымдардан басқа, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өнім берушілерден көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларының 19-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингі МАЖ-да және (немесе) өнім берушіге барып, пациенттерге сұрау салу арқылы, оның ішінде телекоммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) пайдалана отырып, сондай-ақ қолданыстағы заңнама шеңберінде өнім берушіден бастапқы медициналық құжаттаманы және бастапқы бухгалтерлік құжаттарды сұрату арқылы жүргізіледі.
Өнім берушіге барған кезде МАЖ-ға енгізілген ақпаратпен пациенттің медициналық ақпаратының дұрыстығына іріктеп бағалау жүргізіледі.
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингі мынадай түрлермен қамтамасыз етіледі:
- ағымдағы;
- жоспардан тыс;
- көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының тиісінше орындалуы.
Алдағы мониторинг жүргізу туралы хабарлама өнім берушіге ағымдағы және жоспардан тыс мониторингтерден басқа кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын беріледі.
Хабарламалар мынадай тәсілдердің бірімен жіберіледі:
- МАЖ-да электрондық түрде;
- электрондық түрде электрондық құжат айналымы арқылы немесе алғаны туралы хабарламасы бар электрондық пошта арқылы;
- қағаз түрінде қолма-қол немесе өнім берушінің курьеріне;
- хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз түрінде.
Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемінің мониторингін тоқтата тұру немесе ұзарту туралы өнім берушіге хабарлама көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты жасалған денсаулық сақтау субъектісінің қызметін тоқтата тұру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде немесе Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (көліктегі) бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың ведомстволық объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шектеу іс-шараларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) өнім берушінің базасы орналасқан өңірде төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай режимін және басқа да шектеулерді енгізу туралы шешімімен еркін қозғалу, өнім берушінің базасына бара отырып, мониторинг жүргізу кезінде беріледі.
Жоспардан тыс мониторинг жүргізуді тоқтату туралы хабарлама өнім берушіге өтінішті кері қайтарып алу тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу үшін қор бекітілген Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларына сәйкес тәуелсіз сарапшыларды, сондай-ақ мынадай жағдайларда бейінді мамандарды тартады:
- өлім жағдайларын, сирек кездесетін аурулармен емделіп шығу жағдайларын, арнайы мамандандырылған емделіп шығу жағдайларын (клиникалық жоспарда), асқынулармен емделіп шығу жағдайларын қарау кезінде, сондай-ақ нақты келтірілген шығыстар үшін көрсетілетін қызметтерді төлеу кезінде медициналық көмектің сапасын растау қажеттілігі;
- көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу кезінде медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасын растау қажеттілігі;
- азаматты
- процестің тарапы ретінде қатысу.
Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу кезінде қор көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалмауы және (немесе) тиісінше орындалмауы және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ақаулардың бірыңғай сыныптамасына (АБС) сәйкес медициналық көмек көрсету ақауларын анықтау жөнінде іс-шаралар жүргізеді.
Егер қордың жұмыскері мониторинг жүргізілетін медициналық көрсетілетін қызметтерді (көмекті) берушіге қатысты үлестес тұлға болып табылса, мониторинг жүргізуге қатыспайды.
Бару арқылы медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына және көлеміне мониторинг жүргізу кезінде қор жұмыскерінің өнім берушінің өндірістік базасында болуы он жұмыс күнінен аспайды.
Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемі мониторингінің нәтижелері бойынша медициналық қызметтің түрлері мен медициналық көмектің түрлері бойынша АБС-ға сәйкес өнім берушіге төленуге жататын соманы азайту үшін негіз болып табылатын медициналық көмек көрсетудің ақаулары анықталады.
Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін немесе қолданыстағы көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының төленген кезеңінде анықталған республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 200 еселенген мөлшерінен асатын сомада кіші ақауы бар 5.0 ақау коды бойынша медициналық қызмет (көмек) көрсетудің тәртібінің бұзылуы анықталған кезде қор қорытындыға қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақпарат құқық қорғау органдарына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының қолданылу кезеңінде мониторинг жүргізу кезінде кейінгі айлар ішінде анықталған республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 200 еселенген мөлшерінен асатын сомаға кіші ақауы бар 5.0 ақау коды бойынша медициналық қызмет (көмек) көрсету тәртібінің бұзылуын қайта анықтау осы әкімшілік-аумақтық бірлікте көрсетілетін қызметтердің жалғыз өнім берушісі болып табылатын денсаулық сақтау субъектілерімен жасалған шарттарды қоспағанда, қордың көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын мерзімінен бұрын бұзуы үшін негіз болып табылады.
Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды қалыптастырылады.
Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын тиісінше орындау бойынша жүйелі бағалау қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды қалыптастырылады.
АБС кіші ақаулары бар 5.0 ақау бойынша өнім берушілер көрсететін медициналық қызметтердің (көмектің) сапасының бұзылғаны анықталған жағдайда медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелердің мониторингінің қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшамен қатар 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды қалыптастырылады.
Қорытындыларға мониторинг жүргізген қордың жұмыскері (жұмыскерлері) қол қояды және мынадай тәсілдердің бірімен танысу үшін қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өнім берушіге жіберіледі:
- МАЖ-да электрондық түрде;
- электрондық түрде электрондық құжат айналымы арқылы немесе алғаны туралы хабарламасы бар электрондық пошта арқылы;
- қағаз түрінде қолма-қол немесе өнім берушінің курьеріне;
- хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз түрінде.
Мониторинг жүргізу кезінде АБС-ға сәйкес медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің анықталған ақаулары ағымдағы кезеңде ақы төлеу кезінде ескеріледі.
Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптары орындалмағаны және (немесе) тиісінше орындалмағаны кезде қор көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына сәйкес өнім берушіге тұрақсыздық айыбын қолданады.
Құжаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.
Бұйрық 2024 жылғы 17 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2024
Қызылордалық педагог «Әлем мұғалімі» байқауына қатысады
-
22:24, 26 желтоқсан 2024
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков болды
-
22:20, 26 желтоқсан 2024
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
-
22:12, 26 желтоқсан 2024
«Қар, көктайғақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:38, 26 желтоқсан 2024
ШҚО-да халықаралық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі көліктердің кейбір түрі үшін жабылды