Тиісті лауазымды тұлғалар ешкімнен қорықпай, батыл шешімдер қабылдауы керек - Президент
© Сурет: akorda.kz
Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру керек. Бұл туралы президент 2026 жылғы 2 маусымда өткен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент нақтылағандай, қазір алдымызда тұрған жұмыс – аса маңызды: инвесторларға барынша жайлы жағдай жасалуға тиіс және оларға жоғары деңгейде қызмет көрсетілуі қажет.
"Ең алдымен халықаралық талаптардың қатаң сақталуына баса мән берген жөн. Әсіресе, ұлттық заңнама жүйесінде қамтылмаған мәселелер бойынша әлемдік озық тәжірибені кеңінен қолданған абзал. Нағыз озық әрі жедел даму жолына түсеміз десек, бұл жұмысты міндетті түрде қолға алуымыз керек. Тиісті лауазымды тұлғалар ешкімнен қорықпай, батыл шешімдер қабылдауы керек. Бұл өтініш я кеңес емес, бұл – нақты тапсырма",- деді ол.
Мемлекет басшысының айтуынша, арнайы құқықтық мәртебесі бар қалалар жаһандық капиталды тарту үшін дәл осылай батыл әрі белсенді жұмыс істеп, алдыңғы қатарға шығады.
"Шетел инвестициясын қорғау, "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсету, шарттардың ашықтығын және мемлекет ұсынатын кепілдіктердің бұлжымастығын қамтамасыз ету – негізгі мәселе, кезек күттірмейтін міндет. Бұл саладағы жұмыстың бәрі нәтижелі болсын десек, инвесторларды көптеп тарту керек болады, ал ол үшін қолайлы орта жасауымыз керек және тиімді экожүйені құруымыз қажет". Қасым-Жомарт Тоқаев
Президенттің пікірінше нақты нәтижеге жету үшін ірі инфесторалырды тару керек. Бұл жұмыста оларға қолайлы орта қалыптастыру да маңызды.
"Бұл, әрине, өте ауқымды шаруа. Сондықтан алдымен өзекті, яғни басымдыққа ие бағыттарға айрықша мән беру керек: IT, өнеркәсіп, көлік және логистика, туризм, медицина, білім беру салаларын дамыту өте маңызды. Маған бүгінде 50-ден астам инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталғаны жөнінде мәлімдеді. Жалпы көлемі екі триллион теңгеге жуық қаржы құйылған бастамалар аясында 50 мыңнан аса жұмыс орны ашылады. Алдағы бір-екі жыл ішінде басым салаларға инвесторлар тарта отырып, аталған портфельді кеңейте түсуіміз керек". Мемлекет басшысы
Тоқаев әсіресе, отандық бизнесті ынталандыруға баса назар аударылғаны жөн екенін айтты.
"Бизнес өкілдері сырттан бақылаушы болмай, қаланы дамытудың бел ортасында жүруі қажет. Мұның маңызы зор. Өйткені, Шэньчжэнь секілді қалалардың тәжірибесі алғашқы онжылдықта шаһардың өркендеуіне жұмсалған инвестицияның басым бөлігін сыртқы емес, ішкі салымдар құрағанын көрсетіп отыр. Шэньчжэнь, Хайнань, Дубай, Сингапур сияқты қалалардың бәрінде мемлекет алғашқы инвестор ретінде базалық инфрақұрылым қалыптастырып берді. Осылайша, бизнесте тәуекел азайып, тиісті жағдай жасалатын орнықты инвестициялық цикл іске қосылды". Президент
Бұған дейін Alatau City-дің алғашқы толық цифрлық қала болатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:30, 2 маусым 2026
Тоқаев нақты нәтиже жоқ саланы атады
-
15:22, 2 маусым 2026
Мемлекет басшысы Алатаудағы құрылысты бастау үшін жер мәселелерін шұғыл шешуді тапсырды
-
15:13, 2 маусым 2026
Президент: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының орындалуы - Үкімет пен әкімдердің конституциялық міндеті
-
15:03, 2 маусым 2026
Тоқаев Alatau Smart-City жоспарлары мен өңірдегі нақты жағдай арасында алшақтық бар екенін айтты
-
14:51, 2 маусым 2026
Мемлекет басшысы алғашқы криптоқаланы құру жоспарланып отырғанын мәлімдеді





