Тәжікстанда қатты жер сілкінісі болды

10:15, 13 сәуір 2025

© Сурет: Zakon.kz

Тәжікстанда магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері бүгін, 13 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 09:24-те тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің ошағы 198 мыңнан астам халқы бар Худжанд қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 170 шақырымнан астам және Тәжікстанның Гарм ауылынан шығысқа қарай 37 шақырым жерде орналасқан.

Зілзала ошағы 16 шақырым тереңдікте тіркелді.

Құрбандар мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.

12 сәуірде Пәкістанда 5,0 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Нақтырақ айтқанда, халқы 85,4 мыңға жуық Атток қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 19 шақырымда. Зілзала ошағы 39 шақырымда орналасқан.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!