Tesla жүргізген қазақстандықтың өрескел жол ережесін бұзғаны әуеден анықталды
© Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында дрон Tesla жүргізушісінің қауіпті маневрін тіркеді. Бұл туралы Zakon.kz өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеден білді.
Ведомство мәліметінше, кезекті рейд барысында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері республикалық маңызы бар Шымкент – Арыс автожолында әуеден бақылау жүргізді.
Нәтижесінде дронның көмегімен жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу, яғни қарсы қозғалыс жолағына шығу дерегі анықталды.
"Тексеру барысында құқық бұзушылықты Tesla электромобилін басқарған 39 жастағы жүргізушінің жасағаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүргізушіні жауапқа тартты", – деп мәлімдеді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қарсы қозғалыс жолағына шығу орны толмас зардаптарға жиі әкелетін аса қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі екенін атап өтті.
Тәртіп сақшылары барлық жүргізушіні жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықтан аспауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға және жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Жуырда Ұлытау облысында той кортежіндегі сегіз көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:09, 29 шілде 2026
Үш жыл бойы жасырынып жүрген: Алматыда алаяқ жасанды интеллект көмегімен супермаркеттен табылды
-
13:53, 29 шілде 2026
Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровқа халықаралық іздеу жарияланды
-
13:46, 29 шілде 2026
«102» операторының атына балағат сөз айтқан қазақстандық жазаланды
-
13:32, 29 шілде 2026
Алым 16 мыңнан 77 мың теңгеге дейін өскен: Астана әуежайынан заңбұзушылық анықталды
-
13:28, 29 шілде 2026
Кезекшілік кезінде жоғалып кеткен сарбаз табылды





