Терроризмді насихаттады деген айыппен екі қазақстандық сотталды
© Фото: Zakon.kz
ҰҚК баспасөз қызметі бұған дейін терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталған екі Қазақстан азаматының үстінен сот процестері аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анықталғандай, Тараз тұрғыны өз ортасына шетелдегі лаңкестер жағындағы әскери қимылдарға қатысуға шақырулар таратып, өзі де соларға қосылмақ болған.
Ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабы "Терроризмді насихаттау" және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы "Діни араздықты қоздыру баптары бойынша кінәлі деп танылды. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
"Тағы бір Алматы қаласының тұрғыны, басқа қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған, интернетте радикалды идеологияны насихаттаған. Алматы қалалық сотының үкімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚР ҚК 256-бабы), есірткі құралдарымен заңсыз айналысқаны үшін (ҚР ҚК 296-бабы) кінәлі деп танылып, сот үкімімен жеті жыл бір айға бас бостандығынан айырылды", — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Бұған дейін АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында жүк көлігінің жүргізушісі халықты басып өтіп, оқ жаудырғаны хабарланған болатын. 15 адам қаза тауып, 30 адам жараланды. Жүргізушіні полиция атып өлтірген. Қайғылы оқиға теракт деп танылды.
2 қаңтарда Қазақстан Президенті АҚШ президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:22, 6 қаңтар 2025
Шымкентте жоғары лауазымды шенеунік бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін сотталды
-
13:13, 6 қаңтар 2025
Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша Түркістан облысының активіне жаңа әкімді таныстырды
-
13:01, 6 қаңтар 2025
Елімізде 2025 жылы 190 инвестициялық жоба іске қосылады
-
12:53, 6 қаңтар 2025
Жаңа жыл күнгі «ене мен күйеу баланың» жанжалы сотта қаралды
-
12:47, 6 қаңтар 2025
Онлайн курс сатып алған астаналық 2 млн теңгеге алданып қалды