Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдығушылар саны артып барады

17:48, 4 желтоқсан 2020

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде қарашадан бері 140 жұмысшы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған кен орнында қарашадан бері қауіпті індетті жұқтырған 140 жағдай тіркелген. Оның ішінде 71 науқас соңғы 4 тәулікте анықталған.

"Теңіз кен орнындағы 315 орындық инфекциялық стационарда 15 маман жұмыс істеуде. Қазір мұнда 111 науқас ем қабылдауда. Осылайша стационар жүктемесі 35,2 пайызды құрап отыр. Соған сәйкес, денсаулық сақтау басқармасы бүгін Теңіз кен орнына қосымша 8 маманды жіберуге шешім қабылданды. Оның ішінде 2 дәрігер, 2 мейіргер мен 4 санитар бар", делінген басқарманың баспасөз қызметі хабарламасында.

Қазіргі уақытта коронавирустың таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймаққа жатады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!