Теңгенің тарихы: алғашқы үлгілерден қазіргі банкноттарға дейін

09:44, 13 қараша 2026
MKZ: 1577522

© Сурет: Zakon.kz.

Қазақстанның ұлттық валютасы 1993 жылы айналымға енгеннен бері үлкен өзгерістерден өтті. Осы уақыт ішінде банкноттар мен монеталардың дизайны, қорғаныш элементтері бірнеше рет жаңарды. Ал теңгенің өзі ел тәуелсіздігінің символдарының біріне айналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

1993 жылғы 15 қарашада теңге ресми түрде айналымға еніп, рубльді алмастырды. Бұл күн елімізде Ұлттық валюта күні ретінде атап өтіледі. Биыл теңгенің қолданысқа енгеніне 33 жыл толып отыр. Мереке қарсаңында АХҚО Сенім музейінде қазақстандық монеталар, банкноттар және ғарыш тарихына қатысты заттарды жинаушы Рашит Абдразақов ұлттық валютаның осы уақыт аралығында қалай өзгергенін таныстырды.

Оның айтуынша, алғашқы тиындар осындай болған. Олар қазіргі біз үйренгендей металдан емес, қағаздан жасалған. Ол кезде Қазақстанда қажетті технология мен жабдық болмағандықтан, тиындар Ұлыбританияда басылып шыққан. Олардың номиналы шағын болды және тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ақша белгілерінің қатарына енді.

Теңгенің тарихы: алғашқы үлгілерден қазіргі банкноттарға дейін, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 09:44

Сурет: Zakon.kz.

Кейін қағаз тиындардың орнын металл монеталар басты. Айналымға 2, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар шықты. Алғашқы монеталар Германияда соғылды. Көп ұзамай Қазақстан өз өндірісін жолға қойды. Өскемен қаласындағы Үлбі металлургия зауытының базасында Қазақстанның монета сарайы жұмысын бастады.

Теңгенің тарихы: алғашқы үлгілерден қазіргі банкноттарға дейін, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 09:44

Сурет: Zakon.kz.

Мұнда теңгенің алғашқы банкноттарының да үлгілері ұсынылған. Олар 1993 жылы шығарылған. Банкноттарда Қазақстанның ғылым, мәдениет және тарих саласындағы көрнекті тұлғалары бейнеленген. Олардың портреттері ұлттық ою-өрнектермен, сәулет ескерткіштері мен көркем табиғат көріністерімен толықтырылған.

Теңгенің тарихы: алғашқы үлгілерден қазіргі банкноттарға дейін, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 09:44

Сурет: Zakon.kz.

Ал 500 теңгелік банкноттың 33 жыл ішінде қалай өзгергенін мына жерден көруге болады. Осы уақыт аралығында оның дизайны, түсі, бейнелері мен қорғаныш элементтері бірнеше рет жаңартылған.

Теңгенің тарихы: алғашқы үлгілерден қазіргі банкноттарға дейін, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 09:44

Сурет: Zakon.kz.

Көрмедегі тағы бір ерекше жәдігер – 1993 жылғы үлгідегі 200 теңгелік банкнот. Онда алғашқы теңгелердің дизайнын әзірлеуге қатысқан суретшілердің бірі Тимур Сүлейменовтің қолтаңбасы бар. Ол қолтаңбасын банкноттың бос бөлігіне 1999 жылы Ақмолаға барған сапарында қалдырған.

Теңгенің тарихы: алғашқы үлгілерден қазіргі банкноттарға дейін, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 09:44

Сурет: Zakon.kz.

1000, 2000 және 5000 теңгелік банкноттардың безендірілуі де өзгерді. Алғашқы үлгілерде өз дәуірінің көрнекті ғалымы, философы, математигі әрі ойшылы әл-Фараби бейнеленген.

Теңгенің тарихы: алғашқы үлгілерден қазіргі банкноттарға дейін, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 09:44

Сурет: Zakon.kz.

"Ойшылдың портреті ірі номиналды банкноттардың ортақ ерекшелігіне айналды. "Әл-Фараби" сериясындағы банкноттар көлденең үлгіде жасалды. Олар бір-бірінен түсі, ою-өрнегі және сыртқы бетіндегі бейнелері арқылы ерекшеленді. Мысалы, 500 теңгелік банкнот көк түсті болды. Бұл ақша белгілерін бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік берді. Аталған сериядағы банкноттар 1993-2000 жылдар аралығында айналымда болды. 2006 жылы "Бәйтерек" сериясы пайда болды. Бұл серияда композиция өзгерді: банкноттың алдыңғы беті тік, ал артқы беті көлденең үлгіде жасалды. 2011 жылы "Қазақ елі" сериясы шығарылды. Оның негізгі бейнелері – осы аттас монумент пен Самұрық құсы. Бұл ретте банкноттың алдыңғы бетіндегі тік композиция сақталды. Ал 2023 жылы сақ мәдениетінің мұрасына негізделген "Сақ стилі" сериясы айналымға шықты", – деді коллекционер.
Теңгенің тарихы: алғашқы үлгілерден қазіргі банкноттарға дейін, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 09:44

Сурет: Zakon.kz.

2000 және 5000 теңгелік банкноттардың көлемі мен безендірілуі өзгергенімен, түс гаммасы бұрынғы қалпында сақталды. Бұл ақша белгілерінің танымалдығын жоғалтпауға мүмкіндік берді.

Теңгенің тарихы: алғашқы үлгілерден қазіргі банкноттарға дейін, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 09:44

Сурет: Zakon.kz.

Уақыт өте келе банкноттардың көлемі мен дизайны ғана емес, сапасы мен қорғаныш элементтері де жаңарды.

Теңгенің тарихы: алғашқы үлгілерден қазіргі банкноттарға дейін, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 09:44

Сурет: Zakon.kz.

20 000 теңгелік банкнот алғаш рет 2015 жылғы 1 желтоқсанда айналымға енгізілді. Арада жеті жылға жуық уақыт өткен соң, 2022 жылғы 1 қазанда Ұлттық банк оның дизайны өзгертілген жаңартылған нұсқасын таныстырды.

Теңгенің тарихы: алғашқы үлгілерден қазіргі банкноттарға дейін, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 09:44

Сурет: Zakon.kz.

Ал мынау – ғарышқа ұшқан "Шоқан" монетасы. Бұл да көрмедегі ерекше жәдігерлердің бірі.

Теңгенің тарихы: алғашқы үлгілерден қазіргі банкноттарға дейін, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 09:44

Сурет: Zakon.kz.

Теңгенің тарихы: алғашқы үлгілерден қазіргі банкноттарға дейін, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 09:44

Сурет: Zakon.kz.

"2015 жылғы қыркүйекте үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов ғарышқа аттанған кезде өзімен бірге осы сериядағы үш монетаны алып кетті. Олар арнайы қаптамаға салынып, орбитаға жеткізілді. Монеталардың бірін ғарышкер иллюминаторға бекітіп, суретке түсірген. Ал 2018 жылы Айдын Айымбетов сол фотосуретке қолтаңбасын қалдырып, монеталардың шынымен ғарышта болғанын растады", – деді нумизмат.

Көрмеде ғарыш тақырыбына арналған монеталар сериясы да ұсынылған. Олар 2006-2013 жылдар аралығында шығарылған. Бүгінде серия аясында 12 монета бар.

Теңгенің тарихы: алғашқы үлгілерден қазіргі банкноттарға дейін, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 09:44

Сурет: Zakon.kz.

"Оның он данасы менің альбомымда жинақталған. Ең қызығы, бұл монеталарды жасауда күміс пен тантал қолданылған. Ал тантал – ғарыш зымырандарын жасауда пайдаланылатын материал. Оның түсі де әртүрлі болады: сары, күміс түсті, көк немесе күлгін", – деп түсіндірді Рашит Абдразаков.

2026 жылғы 22 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі "Сиқырлы нышандар" монеталар сериясынан "AQYQ" коллекциялық монетасын айналымға шығаратынын хабарлады. Ол 925 сынамалы күмістен жасалып, ішіне сердолик тасы орнатылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!