15 қарашада Алматыда жүгіру жарысына байланысты бірқатар көше жабылады
© Сурет: pixabay
2026 жылғы 15 қараша, жексенбі күні Алматыда маусымның қорытынды жүгіру жарысы – City Run өтеді. Осыған байланысты қала әкімдігі 12 қарашада тұрғындарға бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектелетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін жарыс бағыты өтетін көшелерде қозғалысқа уақытша шектеу қойылады. Спортшылар тиісті учаскелерден өткен сайын жолдар қайта ашылады.
Жарыс "Астана" алаңынан басталып, сол жерде мәресіне жетеді. Сондықтан 15 қарашада сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігінде екі бағыттағы көлік қозғалысы тоқтатылады.
Бұдан бөлек, мына көше бөліктері толық жабылады:
- Төле би көшесі: Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін – сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін;
- Наурызбай батыр көшесі: Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін – сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін;
- Бөгенбай батыр көшесі: Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін – сағат 08:00-ден 09:35-ке дейін;
- Қабанбай батыр көшесі: Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін – сағат 08:00-ден 09:15-ке дейін;
- Шевченко көшесі: Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін – сағат 08:00-ден 08:55-ке дейін;
- Құрманғазы көшесі: Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін – сағат 08:00-ден 08:35-ке дейін.
Жарысқа 20-дан астам елден 2 500 адам қатысатыны хабарланды.
Бұған дейін Алматы тұрғыны метро пойызымен жарысып, жеңіске жеткен еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:53, 12 қараша 2026
Заң мен тәртіп: ІІМ автокөліктерге қатысты ірі алаяқтық схеманың жолын кесті
-
13:32, 12 қараша 2026
Қарағандыда кәмелетке толмаған қызды зорлаған бес жасөспірім сотталды
-
13:28, 12 қараша 2026
Қазақстанда көлік жуу орындарына бақылау күшейтіледі
-
13:15, 12 қараша 2026
АЭС құрылысы: Балқаш тұрғындарының ауызсуына ластану қаупі бар ма
-
13:08, 12 қараша 2026
Наразылық телеарна студиясына дейін жетті: Испанияда наразылық білдірушілер эфирге кедергі келтірді





