Наразылық телеарна студиясына дейін жетті: Испанияда наразылық білдірушілер эфирге кедергі келтірді
© Фото: pexels
Каталонияда бетперде киген 40-қа жуық адам Испанияның RTVE қоғамдық телеарнасының студиясына басып кірді. Соның салдарынан El Cafè d'Idees бағдарламасының тікелей эфирі уақытында басталмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 Minutos порталының мәліметінше, оқиға сәрсенбі күні таңертең сағат 08:00-де басталуы тиіс бағдарламаға дайындық кезінде болған.
Наразылық білдірушілер камералардың алдына шығып, "Өміріміз – өміріміздің құнына айналмауы керек" деген жазуы бар баннерді жайған. Олар журналистердің жұмысына кедергі келтіргендіктен, тікелей эфирді кейінге қалдыруға тура келген.
Бағдарлама жүргізушісі Хемма Ньерга кейін болған жағдайды айыптап, видеоүндеу жариялады. Оның айтуынша, редакция ереуілді жариялауға арналған арнайы шығарылым дайындап, телеарнаның ең қажетті жұмысын қамтамасыз ететін қызметкерлер құрамында жұмыс істеген.
Журналист демонстранттардың әрекеті телеарна қызметкерлерінің өз міндетін атқару құқығын ғана емес, көрермендердің ақпарат алу құқығын да бұзғанын атап өтті.
RTVE телеарнасының мәліметінше, наразылық білдірушілер сағат 09:00-ден кейін студиядан шығып кеткен. Осыдан соң эфирді қайта жалғастыруға мүмкіндік туған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:24, 12 қараша 2026
Сұлулық жолындағы қауіпті қадам: Ресейде әйел денесіндегі артық майын алдырамын деп көз жұмды
-
10:17, 12 қараша 2026
Таиланд шетелдік туристер үшін жаңа төлем енгізуді жоспарлап отыр
-
12:46, 11 қараша 2026
АҚШ-та ерлі-зайыптылар үйлерінен 1930 жылы жазылған хат тауып алды
-
12:24, 11 қараша 2026
Үндістанда қабылан балаға шабуыл жасап, мерт қылды
-
10:06, 11 қараша 2026
Ғалымдар құпиясын аша алмай отырған астероид ғарышта жылдамдығын арттырып барады





