«Қазгидромет» Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасады

09:15, 13 қараша 2026
MKZ: 1577516

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Синоптиктер 2026 жылғы 13 қарашада Қазақстанның бірқатар қаласында ауа ластануының жоғарылайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 13 қарашада Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды, ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Оларға желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Сондай-ақ "Қазгидромет" мамандары дауылды ескерту жариялады. Қазақстанның барлық өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!