Теміртаудағы қазандықтарды жөндеу кестеден кешігуде

17:44, 21 қыркүйек 2023
79

© Сурет: Zakon.kz

Теміртау қаласындағы 2-ші жылу энергия орталығының 4-і және 5-і қазандықтарын жөндеу жұмыстары мерзімінен 1 айға кеш аяқталады. Себебі мердігер компанияда білікті мамандар жетіспейді.

Салдарынан, Теміртау қаласы биылғы жылыту маусымын тек 4 қазандықпен бастайды. Әуелде жөндеу жұмыстары 30-шы қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс болған. Бұл мәселе мәжіліс депутаттары энергия орталығының қысқа дайындығын тексеру кезінде мәлім болды.

Ал аты-шулы жаңадан салынып жатқан 7-ші қазандық енді тек келер жылдың қыркүйек айында, яғни 2024 жылдың жылыту маусымына қарай толық салынып бітеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұған дейін ол келер жылдың көктемінде дайын болады деген. Бүгін ондағы жұмыстар тек 45 пайызға аяқталғаны айтылды. Компания өкілдерінің ақпаратынша, оның құрылысына акционерлік қоғам шамамен 34 млрд теңге қаржы бөлген.

"Төрт қазандықтың жұмысы қазан айының соңына дейін бізге жеткілікті. Сосын 20 қазан күні 5-ші қазандық іске қосылған кезде жылу маусымын тұрақты бастаймыз деп ойлаймын. Екінші жылу орталығы бойынша бірқатар мәселе бар." Ринат Қыдырбеков, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары

5-ші қазандық бойынша бу жылытқыштарды демонтаждау кезінде қосымша жұмыстар шығып қалды. Ол біраз уақыт алады. Ал төртінші қазандық бойынша материалдарды жеткізу кезінде мерзімінен кешігу болып қалды. Оның үстіне мердігер компанияда білікті мамандар жетіспей жатыр, - деді №2 ЖЭО директоры Сергей Кривов.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!