Теміртауда өгей қыздарына сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен ер адам өмір бойына сотталды
© Сурет: astanatv
Теміртауда 53 жастағы ер адам кәмелетке толмаған өгей қыздарына сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана" телеарнасының хабарлауынша, сотталушы жазасын төтенше қауіпсіздіктегі абақтыда өтейді. Бұған дейін педофил өзінің қылмысының ауырлығын сезіп, қорғаушысы арқылы жәбірленушілерге ақша бермек болған. Алайда балалардың анасы мен прокурор оған қатаң жаза беруін сұрады.
Тергеу материалдары бойынша, сотталушы 14 және 11 жастағы екі бірдей өгей қызын қорқытып, сексуалдық зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап келген. Қыздар бірнеше айдан соң аналарына шағымданған. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, 1,5 жыл бойы қаралды. Іс барысында педофилдің бұрын да сотталғаны анықталды.
"Сотталушы Теміртауда өз пәтерінің қонақ бөлмесінде 2009, 2012 жылы туған өгей қыздарына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Жәбірленушілердің жастарын анық біле тұра, дәрменсіз, қарсылық көрсете алмайтындарын ұғына тұра, әрекетін бірнеше рет қайталанған. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптама қортындыларымен дәлелденді. Ол кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-злмбылық жасағандықтан ешқашан мерзімінен бұрын босатылмайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ".Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
16:28, 19 желтоқсан 2025
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін сақтап қалу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр
-
16:14, 19 желтоқсан 2025
Биыл қыста Алматының қай жерінде коньки тебуге болады
-
16:06, 19 желтоқсан 2025
Астанада жаңажылдық шырша шамы қашан жағылады және қай көшелерде қозғалыс шектеуі енгізіледі
-
15:53, 19 желтоқсан 2025
19 желтоқсандағы сауда-саттықта доллар бағамы 3,5 теңгеге қымбаттады





