Телефон алаяқтары бір адамға 16 мың рет қоңырау шалған
© Фото: pixabay
Телефон алаяқтарының ерекше белсенді әрекеті Қазақстанмен көршілес Ресейдің Алтай өлкесінде тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылдың алғашқы алты айында алаяқтар Барнаул қаласының бір тұрғынына 16 мыңға жуық рет қоңырау шалуға әрекет жасаған. Бұл аталған кезеңдегі рекордтық көрсеткіш болды.
"Бірінші жартыжылдықта бір адамға бағытталған ең көп қажетсіз қоңырау Алтай өлкесінде тіркелді. Барнаул тұрғынына алаяқтар шамамен 16 мың рет қоңырау шалмақ болған. Күдікті қоңыраулардың барлығы дер кезінде анықталып, бұғатталды", – деп хабарлады РИА Новости агенттігіне "МТС Защитник" сервисі.
Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша алаяқтар мен спам таратушылардың қоңырауларының төрттен бірінен астамы Ресейдің бес қаласына тиесілі болған. Тізімде Мәскеу бірінші орында тұрса, одан кейін Краснодар, Санкт-Петербург, Новосібір және Уфа қалалары орналасқан.
Мамандардың айтуынша, осы қалаларда алаяқтар көбіне мемлекеттік органдардың, зейнетақы және әлеуметтік қызметтердің қызметкері, сондай-ақ пошта қызметі немесе маркетплейс курьері ретінде хабарласатын дәстүрлі алаяқтық тәсілдерді қолданған.
Сервис өкілдері алаяқтардың өз схемаларын үнемі жетілдіріп, психологиялық қысым көрсетудің жаңа тәсілдерін пайдаланатынын еске салып, бейтаныс нөмірлерден түскен кез келген қоңырауға сақтықпен қарауға шақырды.
Еске салайық, 2026 жылғы 8 шілдеде Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі де алаяқтардың азаматтардың ақшасын иемдену үшін психологиялық ықпал ету тәсілдері мен заманауи технологияларды қолдануды жалғастырып жатқанын ескертіп, кең таралған алаяқтық әдістерін атаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:13, 8 шілде 2026
Олжас Бектенов су саласындағы жобалардың кешігуін сынға алып, әкімдерге үндеу жасады
-
16:04, 8 шілде 2026
Жамбыл облысында 71 тонна қарасора жойылды
-
15:52, 8 шілде 2026
8 шілдедегі сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
15:47, 8 шілде 2026
Ақтөбе облысында есірткі алқаптарын анықтауға дрондар қолданылып жатыр
-
15:31, 8 шілде 2026
Мемлекеттік қызметкер букмекерлік кеңселерге 106 млн теңгеден астам бюджет қаржысын жұмсаған





