Таяу Шығыстағы қақтығыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ
© Сурет: ҚР СІМ
2025 жылғы 16 маусымда өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израиль мен Иранда жүрген барлық қазақстандықтармен байланыс бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бақытымызға орай, қаза тапқандар мен зардап шеккен отандастарымыз жоқ.
"Біз білетін барлық азаматтармен мессенджерлердегі чаттар арқылы байланыстамыз. Егер қандай да бір жағдай болса, олар бірден елшілікке хабарлайды", – деді Айбек Смадияров.
Бұған дейін ол Израиль мен Ирандағы қазақстандықтардың саны туралы ақпарат берген болатын.
Айта кетейік, 2025 жылғы 13 маусым күні таңертең Израиль Иранның ядролық және әскери инфрақұрылымына соққы берді. Шабуыл салдарынан Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының Бас штабының бастығы Хоссейн Салами және Азад Ислам университетінің президенті Мұхаммад Техранчи қаза тапты.
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Израильдегі ҚР елшілігі сол елде жүрген қазақстандықтарға шұғыл үндеу жариялады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





