Таяу Шығыстағы қақтығыс аясында жанармай бағасы өзгере ме
© Фото: pixabay
2026 жылғы 11 наурызда Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжіліс алаңында Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы жағдайында мұнай бағасының өзгеруі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, мұнай нарығы өте тұрақсыз.
"Күн сайын таңертең бағаның өзгеріп жатқанын көріп отырмыз: ең жоғары көрсеткіш 119 доллар болды, қазір мұнай бағасы шамамен барреліне 87 долларға дейін түсті. Бағаның 80 доллар шамасында қалыптасуына алғышарттар бар. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарынан Парсы шығанағы елдерінің мұнай инфрақұрылымына жасалып жатқан шабуылдар туралы оқып, көріп отырмыз. Екі тараптан да шабуылдар жасалуда. Әрине, бұл нарықта мұнайдың физикалық тұрғыда азаюына әсер етіп, бағаның сақталуына себеп болып отыр", – деп түсіндірді министр.
Оның айтуынша, алдағы жағдай қақтығыстың қалай өрбитініне байланысты болады.
"Мен мұнда болжам жасаушы бола алмаймын. Мұны болжау мүмкін емес. Парсы шығанағы елдерінде және АҚШ-та бензин бағасына бұл жағдайдың әсері байқалып жатыр, біз оны жаңалықтардан көріп отырмыз. Ал Қазақстанда әзірге ондай әсер жоқ", – деп қорытындылады Энергетика министрі.
Айта кетейік, 9 наурызда Brent маркалы мұнайдың бағасы сауда барысында соңғы төрт жылға жуық уақыт ішінде алғаш рет барреліне 118 доллардан асқаны хабарланған еді. Соңғы рет мұндай көрсеткіш 2022 жылдың маусым айында тіркелген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:14, 11 наурыз 2026
Таяу Шығыстағы қақтығыс: энергетика министрі мұнай экспорты туралы түсінік берді
-
17:59, 11 наурыз 2026
Спорттық гимнастикадан Түркиядағы әлем кубогы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
-
17:47, 11 наурыз 2026
Қазақстанда 12 наурызда боран мен дауылды жел соғады
-
17:27, 11 наурыз 2026
Оралда алаяқтықпен айналысып, іздеуде жүрген күдікті ұсталды
-
17:16, 11 наурыз 2026
Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады





