Тас жолдардағы шектеулерге байланысты Астанаға қарай қосымша пойыздар қатынайтын болды

17:30, 6 қаңтар 2026

© Сурет: Zakon.kz

Тас жолдардың жабылуына байланысты жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша электр пойыздарды жолға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлағандай, қолайсыз ауа райы салдарынан тас жолдарда уақытша қозғалыс шектеулері енгізілуіне байланысты өңірлер арасындағы көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз ету және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында қала маңындағы пойыздарды тағайындады.

Атап айтқанда, Көкшетау, Бурабай курорты, Макинка және Ақкөл станцияларынан Астана станциясына дейін жолаушыларды отырғызу үшін төмендегі пойыздар қатынайды:

  • № 6830 "Көкшетау – Астана";
  • № 7508 "Көкшетау – Астана".

Бұған дейін Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға шұғыл ескерту жасап, қолайсыз ауа райына байланысты кейбір рейстер белгіленген мерзімінен кешігетінін хабарлаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!