Тас жолдағы велоспорттан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды

19:38, 2 қыркүйек 2026
MKZ: 1564836

© Сурет: olympic.kz

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлер штабы Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, басты құрлықтық додада ел намысын Рината Сұлтанова, Виолетта Казакова және Елизавета Склярова қорғайды.

Азия ойындарында отандастарымыз топтық жарыста бақ сынайды. Сондай-ақ Рината Сұлтанова уақыт үшін өтетін жарыстың жекелей сынында өнер көрсетеді.

Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасының тізімі жарияланған болатын. Оның құрамына Алексей Луценко, Евгений Фёдоров және Николя Винокуров енді.

Айта кетейік, 2026 жылғы жазғы Азия ойындары 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Бұған дейін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан үш алтын және бір қола медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!