Тараздықтар Наурызды ерекше атап өтіп жатыр

© Сурет: Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесі Тараздағы аумақтық округтерде кең көлемде тойланып жатыр. Мерекелік шаралар барысында салт-дәстүр қойылымдары, ертегі кейіпкерлері, театрландырылан көріністер мен ұлттық ойындар мейрам көркін аша түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айталық, №2 аумақтық округ тұрғындары да Ұлыстың ұлы күнін көтеріңкі көңіл күймен атап өтті. Шараға Тараз әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады.
"Әз-Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы. Осы күндері Жер-ана қайта түлеп, тіршілік атаулы түгел жанданады. Тағылымы мол бұл мереке – жаңару мен жаңғырудың, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы. Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін". Бақытжан Орынбеков
Бұл күні округ халқы бір үйдің баласындай тату-тәтті тіршілігін дәріптеп, түрлі ойын-сауық іс-шарасына белсене атсалысты. Ырысы мен берекесі артқан жұртшылық жаңа жылда жақсы тілек тілесіп, әсем ән мен күйден шашу шашты.
Сонымен қатар "Қазақтың келіндері-ай" атты байқау ұйымдастырылды.

Сурет: Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі
Әз Наурыз "Хамукат" тұрғын алқабында да осылай әдемі кешпен әрленді.
Сонымен бірге №4 аумақтық округте де мерекелік думан өтті. Мұнда округ тұрғындары арасында асық ату, ләңгі тебу, қол күресі, күрес, арқан тарту сынды түрлі спорттық ойындар ойнатылды.

Сурет: Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі
Мерекелік дастархан жайылып, Наурыз тағамдары тарту етілді.

Сурет: Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі
Осы күні аумақтағы жасы үлкен қарияларға сый-сияпат жасалды.

Сурет: Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі
Келесі кезекте қала әкімі №5 аумақтық округке аялдады. Көпшілікті Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаған шаһар басшысы, өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады.
Осылайша қаладағы 11 округтің тұрғындары жыл басы – Наурыз мерекесін бар сән-салтанатымен қарсы алуда. Мұндай шаралар ертең де жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:21, 6 маусым 2023
Шымкентте трансформатор мен шағын дүкен өртенді
-
21:35, 6 маусым 2023
Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков қызметінен босатылды
-
21:19, 6 маусым 2023
Елордадағы су тапшылығы мәселесіне қатысты қала әкімі мәлімдеме жасады
-
20:55, 6 маусым 2023
Астанада зейнеткер әйелді алаяқ 16 млн теңгеге алдап соқты
-
20:32, 6 маусым 2023
Танымал ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеден озды