Таразда үш бала оқ тиіп, ауруханаға түсті

17:29, 19 сәуір 2021

© Сурет: Pixabay

Таразда кәмелетке толмаған үш бала оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Тараз қаласының полиция басқармасына облыстық балалар ауруханасына кәмелетке толмаған үш бала оқ жарақаттарымен жеткізілді деген хабарлама келіп түсті. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды - делінген хабарламада.

Қылмысқа күдікті анықталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, істің егжей-тегжейлері тергеу мүдделері үшін айтылмайды, - дейді полициядағылар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!