Таразда өрт шыққан мейрамханадан 86 адам эвакуацияланды

18:53, 4 қазан 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

4 қазанда Тараз қаласында Жамбыл даңғылындағы мейрамханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ас үй бөлмесінде төбе жабындысы өртенген.


"ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 86 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт шалған аумақтың оқшауланған алдын ала көлемі - 50 шашршы метр", делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!