Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді

11:00, 13 тамыз 2022

© Сурет: Болат Қажыақбар

Жамбыл облысының орталығында сенбі күні таңертең мемлекеттік қайраткер Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты рәсімге Дінмұхамед Қонаев атындағы халықаралық қордың вице-президенті Болат Қажыақбар, Эльдар Қонаев, Диар Қонаев, Асанәлі Әшімов және қаланың құрметті азаматтары қатысты.

Ашылу рәсімі

Сурет: Болат Қажыақбар

Дінмұхамед Қонаев Қазақстан Компартиясы ОК-тің Бірінші хатшысы (1960-1962 және 1964-1986 жылдары), КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі (1971-1987 жылдары), үш рет Социалистік Еңбек Ері атағын алған (1972, 1976 және 1982 жылдары).

Ескерткіштің ашылу рәсімі

Сурет: Болат Қажыақбар

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!