Жамбыл облысында сотталған әйел заңды некеге тұрды

22:53, 27 қыркүйек 2024

© Сурет: polisia.kz

Жамбыл облысында қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші әйел заңды некеге тұрды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кету керек, 38 жастағы сотталған алаяқтықпен айналысқаны үшін қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі негізінде кінәлі деп танылып, сот үкімімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

"Шынайы махаббатқа ешқандай кедергі жоқ. Бастысы, жүрегіме жақын адамымды таптым. Сүйіктім екеумізге отбасын құруға мүмкіндік берген түзеу мекемесінің әкімшілігіне ризашылығымды айтқым келеді. Кез келген адам бақытты болуға лайықты", - дейді сотталған әйел.

Жалпы, бүгінгі таңда аталған мекемеде бас-аяғы 81 азамат жазасын өтеп жатса, оның ішінде әйелдердің саны – 5 адам.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!