Таразда балабақша қызметкерлерінің әлеуметтік төлемдеріне қатысты шикілік анықталды

11:58, 12 наурыз 2026

© Фото: primeminister.kz

Таразда 2500-ден астам қызметкердің бірнеше ай бойы әлеуметтік төлемдері аударылмағаны анықталды. 1895 қызметкер қалалық білім бөліміне қарасты балабақшаларда жұмыс істейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24.kz" дерегіне сүйенсек, оларға 283 миллион теңге көлеміндегі міндетті зейнетақы жарналары уақытында түспеген. Сонымен қатар міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру жарналары да төленбеген. Заңбұзушылық қала тазалығына жауапты «Жасыл Ел Тараз» мекемесінде де тіркелді. Кәсіпорынның 650 жұмысшыға 20 миллион теңгеден астам берешегі бар екені белгілі болды. Қалалық прокуратура өкілдері мәселені бақылауға алғаннан кейін барлық қарыз толық өтелді.

"Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде жалпы сомасы 300 миллион теңге зейнетақы жарналары толықтай өтеліп, 34 мектепке дейінгі ұйымның бірінші басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңдылықты бұзушылық бір жыл ішінде қайталанатын болса айыппұл түріндегі жаза тағайындалатын болады". Саламат Әбітбекова, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:

Бұған дейін ШҚО-дан қан өткізген донорларға 3000 теңгеден бастап ақы төленетіндігін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!