Талғарда көпірден секірген ер адам: Өлгім келді...

15:55, 3 маусым 2020

Алматы облысының полициясы Талғардағы адамды құтқарып қалған 15 жастағы жігітті марапаттайтын болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл 1 маусымда сағат 17: 00-де Талғар аудандық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне Қонаев пен Рысқұлов көшелерінің қилысындағы көпірден ер адамның суға секіріп кеткені туралы қоңырау келіп түсті. Сотқа дейінгі тергеу барысында 1982 жылғы Талғар қаласының тұрғыны - жәбірленуші Қ. мас күйінде өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталды. Жәбірленушінің айтуы бойынша, алкогольді ішімдік ішкеннен кейін көпірден өзенге секірген. Ол мұндай оқыс жағдайға қандай мақсатпен барғанын түсіндірмеді, деп хабарлады Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі.

Өз-өзіне қол жұмсау әрекеті салдарынан ер адамның оң аяғы сынып, миы шайқалып және басқа да жарақаттар алды. Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы, 1-тармағы, яғни "Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар, осы факт бойынша көпірден секірген адамның кездейсоқтық пен бақытына орай айналасына немқұрайлы емес адамның арқасында тірі қалғаны анықталды. Белгілі болғандай, "Арыстан" мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Мирас Бейсен досымен көпір маңында кешкі сағат 17-де өтіп бара жатқан. Олар өзенге секірген адамды байқайды. Мирасты досына полиция мен жедел жәрдем көлігін шақыруды айтып, өзі өзенге қарай жүгіреді. Суға қойып кеткен ол ер адамды өзеннен алып шықты. Жақын арада жас жігітті Алматы облысы полиция департаментінің бастығы батылдығы мен жоғары азаматтық ұстанымы үшін марапаттайтын болады, деп хабарлады департаменттегілер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!