Талғар аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды
© Сурет: Instagram/talgar_police
Асхат Бекенов Алматы облысы Талғар ауданының полиция бөлімін басқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін аудандық полиция бөлімінің Instagram желісінде белгілі болды.
Сіздерге Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Барлыбаевич Бекенов тағайындалғаны туралы хабарлаймыз, деп жазылған 2025 жылғы 14 қаңтардағы Талғар ауданының тұрғындары мен қонақтарына жолданған ақпаратта.
2024 жылдың 19 қазанында Алматы облысының полиция департаментінің басшылығы ауысқаны белгілі болды. Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігі басшысының бұйрығымен Нұржан Күнтунов Талғар аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметінен босатылды. Одан кейін Нұрлан Сайдалин уақытша ӨБ басшысы қызметін атқарды. Ал 2 желтоқсанда Айдар Умаровтың Талғар аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалғаны хабарланды.
Айта кетейік, 4 қазанға қараған түні Талғарда орын алған 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін бірқатар отставкалар мен жұмыстан босатулар орын алған. Қоғамдық резонанс тудырған жасөспірімді өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша 11 күдікті қамауға алынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:12, 18 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің концерті қазақстандық телеарнадан көрсетілді
-
12:08, 18 желтоқсан 2025
Үндістанда бұралқы иттер көшеде қалған тастанды сәбиді талап өлтірген
-
11:47, 18 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді
-
11:21, 18 желтоқсан 2025
Жоғалып кеткен ұшақ 13 жылдан кейін Үндістанда табылды
-
11:17, 18 желтоқсан 2025
Мәскеуде үйде толғатқан әйелдің шақалағы дүниеге келісімен шетінеп кетті - босандырған әйел қамауға алынды





