Талдықорғанда «клиент қабылдап» жатқан 10 жезөкше ұсталды

15:11, 7 тамыз 2020

Талдықорған қаласында орналасқан қонақ үйлердің бірінің қызметін тексеру барысында тәртіп сақшылары аталған жерде жезөкшелер қызмет ететінін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру кезінде ол жерде қомақты қаржыға тәнін саудалайтын 10 бойжеткен ұсталды. Олардың үшеуі көрші Өзбекстан мемлекетінің азаматшалары болып шықты. Жеңіл жүрісті қыздардың қызметін 29 жастағы жергілікті ару ұйымдастырып, жасырып келген.

"Көрші республикалардан келген заңсыз иммигранттарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешіміне сәйкес олар жақын арада елімізден депортацияланады. Өйткені олардың барлығы қолданыстағы көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, Қазақстанда жүргені білгілі болды. Сонымен қатар, барлық ұсталған адамдар, оның ішінде қонақ үй кешенінің бірнеше қызметкері полицияның барлық есеп базалары бойынша тексеруден өтті. Себебі, көп жағдайда бұл санаттағы азаматтардың әртүрлі қылмыстарға қатысы болады", - деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.

Қыздар ақшалай сыйақы үшін интимдік қызметтер көрсеткендерін жоққа шығармады.

"Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұстау, сондай-ақ жеңгетайлық үшін осы мекеменің әкімшісі жауапқа тартылды. Әйел пәтерді жеңіл жүрісті қыздарға жалға берген, олар әр клиенттен түскен пайданың белгілі бір бөлігін жеңгетайға тапсырып отырған. Сондай-ақ, қонақүй әкімшісі карантиндік шараларды өрескел бұзғаны үшін де жауапкершілікке тартылады", - деп атап өтті Асхат Данияр.

Күдікті клиенттен ақша алу үстінде ұсталды. Жеке тексеру барысында алынған барлық айғақзаттар жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастыру немесе ұстау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске тіркелді. Дерек бойынша тергеу басталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!