Талдықорғанда ер адамнан 6,5 келі гашиш тәркіленді
© Фото: Zakon.kz
Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына тосқауыл қойды.
Талдықорған қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері есірткіні заңсыз айналымға шығарды деген күдікпен 32 жастағы ер адамды ұстады.
Тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту барысында өсімдік тектес зат анықталып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың гашиш екені анықталды.
Оның жалпы салмағы 6,5 келі болған. Осылайша, заңсыз айналымнан қала көшелеріне таралуы мүмкін есірткінің ірі партиясы тәркіленді. Ұсталған азаматқа қатысты тергеу жүргізілуде.
Ол қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:43, 8 қыркүйек 2026
9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы: жаңбыр жауып, жел күшейеді
-
17:35, 8 қыркүйек 2026
Жұмысынан айырылған қазақстандықтарға мемлекет қанша уақыт және қанша ақша төлейді
-
17:22, 8 қыркүйек 2026
Астана мен Алматы Орталық Азия мегаполистері арасында абсолютті көшбасшылығын сақтап отыр
-
17:07, 8 қыркүйек 2026
Азиада-2026: ауыр атлетикадан ел намысын кімдер қорғайды
-
17:02, 8 қыркүйек 2026
Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады





