Таиландта Ресей азаматын өлтірмек болды деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды

© Сурет: pixabay
Таиланд полициясы Пхукет аралында Ресей азаматын өлтіруге әрекеттенді деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атыс 7 маусым күні түсте болған. Белгісіз ер адам автотұрақтан көлігімен шығып бара жатқан ресейлікке бірнеше рет оқ атқан, деп жазды The Phuket Express.
Атыс шығарған адам оқиға орнынан скутермен қашып кеткен, ол кейін бейне бақылау камералары арқылы анықталды.
Қылмыскер 49 жастағы Қазақстан азаматы болып шықты. Ол елден шықпақ болған кезде Пхукет халықаралық әуежайының кассасында ұсталды.
Жәбірленуші Пхукетке келетін ресейліктер арасында танымал мейрамханалардың бірінің иесі. Ол ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, оқты алу үшін оған ота жасалған.
Полицейлер қастандық жасалған жерден бір шақырымдағы өзен жағасынан оқ атқан адамның қаруын, күртешесін, аяқ киімін және қолғаптарын тапты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 23 қыркүйек 2023
Президент телерадиокешені мен MNU Халықаралық журналистика мектебін ашты
-
16:15, 23 қыркүйек 2023
Хорватия азаматы Қазақстан арқылы есірткі заттарын тасымалдаған
-
15:59, 23 қыркүйек 2023
ШҚО тұрғыны алаяқтарға 5 млн теңгесін беріп қойды
-
15:08, 23 қыркүйек 2023
65 млн доллар: Қазақстан мен Қырғызстанның ынтымақтастық форумында қандай құжаттарға қол қойылды
-
14:30, 23 қыркүйек 2023
Қазақстан мен Қырғызстан тарапы су саласындағы тығыз өзара іс-қимыл туралы сөйлесті