Қазақстанда шетелдіктердің тұрақты тұруына рұқсат беретін мамандықтар тізімі кеңейтіледі

10:04, 22 қыркүйек 2026
MKZ: 1568122

© Фото: Zakon.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелдіктерге Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу үшін қажетті сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне және оны қалыптастыру қағидаларына өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға сәйкес, ұлттық экономиканың және басым салалардың қажеттіліктері ескеріле отырып, сұранысқа ие мамандықтар тізбесін 51-ден 174-ке дейін кеңейту көзделген.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, жобаны қабылдау экономиканың басым салаларына қажетті жоғары білікті шетелдік мамандарды Қазақстанға тартуға жағдай жасауға бағытталған.

Құжат 6 қазанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!