Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жағдайға байланысты шұғыл мәлімдеме жасады
© Сурет: akorda.kz
Қазақстанның Түркиядағы елшілігі 2025 жылғы 23 наурызда шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елшілік азаматтарды қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға және Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырды.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тарту маңызды екендігін жеткізді.
Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондары:
- Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшілігі: +905352734496
- Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465
- Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522
- Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789
Еске салсақ, Ыстанбұлдағы ереуілдер 19 наурыз күні Экрем Имамоғлы қамауға алынған соң басталды. Оппозиция оның қамауға алынуының саяси астар бар екенін айтты. Ал, 21 наурызда Түркияда наразылық күшейіп, мыңлаған адамның ереуілге шықты. Анкара, Измир және Ыстанбұл қалаларында демонстранттар полициямен қақтығысты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 29 сәуір 2026
Алматы – Пусан бағытында тікелей әуе рейсі ашылмақ
-
22:35, 29 сәуір 2026
АҚШ-тың Иранға қарсы операцияға қанша қаржы жұмсағаны белгілі болды
-
22:19, 29 сәуір 2026
Қызылордада сәбиін сатпақ болған ана ұсталды
-
21:58, 29 сәуір 2026
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын сегіз медальмен аяқтады
-
21:37, 29 сәуір 2026
Алтын әшекейлерді ломбардқа өткізіп үлгерген: Кентауда ұрылардың әрекеті камералар арқылы әшкереленді





