Светлана Айтбаева Димаштың көрермендерін әлі де болса таң қалдыратынына сенімді
Қытайда үлкен өнер додасына түсіп жүрген Димаш Құдайберген байқаудың қатаң талаптарына қарамастан анасын телефон арқылы құттықтады.
Димаш Құдайберген, әнші:
-Света апа, сәлем бердік! Қалайсыздар? Мейрамыңмен. Бақытты бол. Мерекеден мерекеге жете бер!
Қытайлық телеарнаның «Мен Әншімін» байқауында ақтөбелік жас талант талайды таңдай қақтырып үлгерді. Ғаламтор беттеріндегі жүз мыңдаған қаралымды айтпағанда, Димаш Құдайбергеннің өнерін әлемге әйгілі Лара Фабиан мен актер Джеки Чан да мойындап үлгерді.
Өткен кезеңде миллиардтаған тұрғыны бар көрші елдің төрінде Димаш қазақтың домбырасын күмбірлетті. Тартысты доданың 7-ші туры артта қалды.
Алда әлі талай сын бар. Алыстан тілеуін тілеп отырған анасы Светлана Айтбаева Димаштың көрермендерін әлі де болса таң қалдыратынына сенімді.
Дарынды әнші «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында үлкен концерт ұйымдастыруды жоспарлап отырған көрінеді.
Светлана Айтбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
-Ең алдымен Димаштың осындай үлкен байқауда қазақтың намысын ту етіп көтеріп, артында арқасүйер халқына, үлкен еліне, сондай сыйлық жасап жатқаны қуантады. Осыдан артық сыйлықтың қажеті жоқ деп ойлаймын. Елдің атынан қазақтың барлық болмысын, ұлттық мәдениетімізді, өнерімізді әлемге көрсетіп жатыр. Ең үлкен сыйлық осы деп ойлаймын.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:33, 16 желтоқсан 2025
Қызылордада алғаш рет бір күнде үш бүйрек ауыстырылды
-
22:21, 16 желтоқсан 2025
«Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті
-
21:53, 16 желтоқсан 2025
Мексикада Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын айтты
-
21:39, 16 желтоқсан 2025
Астанада ертең оқушылар қашықтан оқиды
-
21:04, 16 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт бұзылады: үш күнге арналған болжам





