Сұлулық жолындағы қауіпті қадам: Ресейде әйел денесіндегі артық майын алдырамын деп көз жұмды

10:24, 12 қараша 2026
MKZ: 1577339

© Фото: primeminister.kz

Рязань қаласында 41 жастағы әйел липосакция жасату кезінде қайтыс болды. Операцияны медициналық білімі де, қажетті лицензиясы да жоқ 28 жастағы қыз жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

РЕН ТВ мәліметінше, күдікті шілде айынан бері Мәскеу тасжолындағы сауда орталығынан жалға алған кабинетте клиенттер қабылдап, пластикалық процедуралар жүргізіп келген. Осындай процедуралардың бірі кезінде пациент әйел кабинет ішінде көз жұмған.

Процедураларды ұйымдастырды деген күдікке ілінген әйел ұсталды. Тергеушілер қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Колумбияда бір отбасы жылдар бойы ақша жинап, жасатуды жоспарлаған пластикалық ота кезінде әйелдің қайтыс болғаны хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!