Алдымен тамақ, содан кейін кісен: ұсталған жүргізушінің өтініші жұртты күлдірді
© Фото: pexels
Ұлыбританияда полицейлер көлігінен "күлдіргі газ" құйылған баллондар мен балға табылған жүргізушіні ұстады. Ер адам қолына кісен салынар алдында полицейлерден фри картобын жеп бітіруге рұқсат сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Metro басылымының жазуынша, оқиға Ньюпорт қаласындағы сауда орталығының автотұрағында болған. Сол жерде көлікпен келгендерге қызмет көрсететін McDonald’s мейрамханасы орналасқан.
Полицейлер 46 жастағы жергілікті тұрғын Имтиаз Алидің көлік жүргізу мәнерінен күмәнданып, оның автокөлігін тоқтатқан.
"Көліктің салоны мен жүксалғышын тексерген тәртіп сақшылары жүргізуші орындығының жанынан балға, жеті қорапқа салынған азоттың шала тотығы, яғни "күлдіргі газ" толтырылған 42 үлкен баллон және қаптамасы ашылмаған үрлемелі шарлар тапқан", – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, ер адамнан қомақты қолма-қол ақша мен телефон тәркіленген. Кейін оның үйін тінту кезінде каннабис пен тағы үш ұялы құрылғы табылған.
Бір қызығы, ұсталған сәтте ер адам суып бара жатқан кешкі асына көбірек алаңдаған. Полиция жариялаған видеода оның қолына кісен салмас бұрын фри картобын жеп бітіруге мүмкіндік беруін сұрағаны естіледі.
"Мен сізді тінтіп жатқанда тамақ жеуге болмайды", – деп кесіп жауап берген полицей.
Имтиаз Али Ньюпорт сотында азоттың шала тотығын өткізу мақсатында сақтағанын, каннабис сақтағанын және қоғамдық орында қару алып жүргенін толық мойындаған.
Оның бұл қылмыстарды жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған кезеңде жасағаны анықталды. Сот ер адамды алты айға бас бостандығынан айырды.
Ал Индонезияда бір топ бала алып питонның үстінен сырғанап, оны сырғанаққа айналдырған. Ересектер болса, болған жағдайды алаңсыз бақылап тұрған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:38, 12 қараша 2026
Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған
-
09:27, 12 қараша 2026
Қазақстандықтар әлеуметтік төлемдерден бас тарта бастады: Еңбек министрлігі жаңа деректерді жариялады
-
09:15, 12 қараша 2026
«Кыздар.нет» ісі: қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
-
09:07, 12 қараша 2026
Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды
-
08:56, 12 қараша 2026
Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қайтыс болды





