Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар бүлінген қай мүлкі үшін өтемақы ала алады

22:14, 19 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 19 сәуірде бейінді министрліктерге екі күн мерзімде су тасқыны салдарынан жоғалған немесе бүлінген бірінші қажеттіліктегі мүлік үшін залалды өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай мүліктің тізіміне мыналар кіреді:

  • тамақ сақтауға және дайындауға арналған заттар,
  • тамақ ішуге және ұйықтауға арналған жиһаз заттары,
  • азаматтарды ақпараттандыру құралдарының заттары,
  • сумен жабдықтау және жылыту құралдары.
"Бұл өтемақыны жергілікті атқарушы органдар бюджет және бюджеттен тыс қаражаттан қарастыратын болады. Бұған дейін Үкімет су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттен қандай көмек күте алады деген жадынама жариялаған болатын", делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша екі күн ішінде үлкен судан зардап шеккен егістік жер иелері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық көмек көрсету алгоритмі әзірленетін болады.

Айта кетсек, алдында Үкімет су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды қолдау тетіктерін әзірлегені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!