Су тасқынына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы онлайн-форматта өтеді

16:31, 24 сәуір 2024

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы 24 сәуірде ҚХА-ның су жаңа орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты құттықтап, олардың бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ісіндегі жауапты қызметіне сәттілік тіледі.",- делінген хабарламада.

ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы және Ассамблеяның XXXIIІ сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді.

Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысады.

Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосқанын айтты.

Айта кетейік, 2024 жылы 24 сәуірде президент жарлығымен ҚХА-ның орынбасарлары қызметін атқарған Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк қызметінен босатылды. Олардың орнына жаңа орынбасарлар ретінде, Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин тағайындалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!