Су тасқынына байланысты қай өңірлерге жолға шықпаған дұрыс

09:20, 22 сәуір 2024

© Сурет: akorda.kz

"Қазавтожол" ҰҚ" АҚ ресми ақпаратына сәйкес, еліміздегі су тасқынының салдарынан 3 облыстағы маңызы зор 5 жол жүру учаскесі жабық. Тиісінше, бірқатар өңірлерге автожол арқылы жолға шықпаған дұрыс, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 22 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша 3 облыста 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4400 метр болатын су тасқыны орын алды.

  • Ақмола
  • СҚО
  • Қостанай

Мамандардың айтуынша, су тасқынының басты себебі ауа-райының күрт жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 10 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды."Қазавтожол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 315 бірлік техника мен 336 адам жұмылдырылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!