Су тасқыны болған Жылыой ауданында жаппай дезинфекция жүргізілді

21:10, 22 сәуір 2024

© Сурет: видеодан алынды

Жылыой ауданындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штаб су тасқыны болған елдімекендердің су құбырларына, аулаларға жаппай дезинфекция жүргізілгенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел штабтың мәліметінше, су тасқыны басталғаннан бері Жылыойда жұқпалы аурулар ішек инфекциясы, вирустық гепатит, іш сүзегі, паратиф, аса қауіпті инфекция ретінде тіркелмеген.

Жылыой ауданындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты болуы үшін мынандай шаралар атқарылды:

  • "Жылыой СУ" ЖШС - Құлсары және Аққиизтоғай объектілерінің су құбыры желілеріне (су басқан) дезинфекция жүргізді.
  • 5 көппәтерлі тұрғын үйде, 25 кіреберісте, 5 аулада дезинфекция жүргізілді.
  • 19 сәуірде әкімшілік ғимараттарда, мәдениет және спорт объектілерінде, қаржы ұйымдарында, коммерциялық объектілерде және т. б. дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді.
  • 21 сәуірде қосымша 127 үйде дезинфекция жасалған.

Эпизоотиялық жағдай: су басқан шағын аудандарда мал қорымына 436 бас ірі қара мен құс, 20 үй жануарлары (иттер) тәркіленіп, жойылды.


"Жануарлар иелері тарапынан актілер жасалды. Құлсары қаласының қалған шағын аудандарында және Қарағай елді мекенінде эпизоотиялық жағдай тұрақты. Құлсарға келіп жатқан су тоқтатылды. Бақашы су басқан ауданының 1.5 шақырымында жол салынды, Құрсайға келетін су тоқтатылды. Жұмыстарға 15 бірлік техника жұмылдырылды". Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штаб

Айта кету керек, қазіргі уақытта қала аумағында тасқын суларды тәулік бойы тазарту және құрғату жұмыстары жүргізілуде. Дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!