Су тасқыны болған Жылыой ауданында жаппай дезинфекция жұмыстары жүргізілді
![](https://mail.kz/images/bac1792a8813984b6a11c44c50de24fd-slider.jpg)
© Сурет: видеодан алынды
Жылыой ауданындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штаб су тасқыны болған елдімекендердің су құбырларына, аулаларға жаппай дезинфекция жүргізілгенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел штабтың мәліметінше, су тасқыны басталғаннан бері Жылыойда жұқпалы аурулар ішек инфекциясы, вирустық гепатит, іш сүзегі, паратиф, аса қауіпті инфекция ретінде тіркелмеген.
Жылыой ауданындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты болуы үшін мынандай шаралар атқарылды:
- "Жылыой СУ" ЖШС - Құлсары және Аққиизтоғай объектілерінің су құбыры желілеріне (су басқан) дезинфекция жүргізді.
- 5 көппәтерлі тұрғын үйде, 25 кіреберісте, 5 аулада дезинфекция жүргізілді.
- 19 сәуірде әкімшілік ғимараттарда, мәдениет және спорт объектілерінде, қаржы ұйымдарында, коммерциялық объектілерде және т. б. дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді.
- 21 сәуірде қосымша 127 үйде дезинфекция жасалған.
Эпизоотиялық жағдай: су басқан шағын аудандарда мал қорымына 436 бас ірі қара мен құс, 20 үй жануарлары (иттер) тәркіленіп, жойылды.
"Жануарлар иелері тарапынан актілер жасалды. Құлсары қаласының қалған шағын аудандарында және Қарағай елді мекенінде эпизоотиялық жағдай тұрақты. Құлсарға келіп жатқан су тоқтатылды. Бақашы су басқан ауданының 1.5 шақырымында жол салынды, Құрсайға келетін су тоқтатылды. Жұмыстарға 15 бірлік техника жұмылдырылды". Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штаб
Айта кету керек, қазіргі уақытта қала аумағында тасқын суларды тәулік бойы тазарту және құрғату жұмыстары жүргізілуде. Дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 26 шілде 2024
Павлодарда автобус аялдамасы маңында бір бойжеткенді көлік қағып кетті
-
22:40, 26 шілде 2024
2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ресми түрде басталды
-
22:25, 26 шілде 2024
Бай әзербайжанның үйінде қонақта болған қазақ блогері өз таңданысын жасыра алмады
-
22:25, 26 шілде 2024
Бай әзербайжанның үйінде қонақта болған қазақ блогері таңданысын жасыра алмады
-
21:50, 26 шілде 2024
«Аптап ыстық, қатты жел». Сенбіде еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды