Студенттер мен кәсіпорын қызметкерлерін үрейде ұстаған: Павлодар облысында бопсалаушылар тобы ұсталды
© Сурет: YouTube/PolisiaKz
Павлодар облысында студенттер мен кәсіпорын қызметкерлерінен ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Істің мән-жайы туралы өңірлік ПД баспасөз қызметі түсіндіріп берді.
"Павлодар облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында Ақсу және Екібастұз қалаларының аумағында бірнеше рет бопсалау қылмысын жасады деген күдікке ілінген адамдар тобының заңсыз әрекетінің жолын кесті",- делінген ақпаратта.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер азаматтарды қорқытып-үркіту арқылы олардан жүйелі түрде ақша талап еткен.
"Зардап шеккендердің қатарында жоғары оқу орындарының студенттері мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері бар. Жүргізілген тінту барысында ақшалай қаражат, ұялы телефондар, банк карталары, құжаттар және қылмыстық іс үшін дәлелдемелік маңызы бар өзге де заттар тәркіленді. Сонымен қатар күдіктілер пайдаланған автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды". Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Диас Қадыровтың айтуынша, бопсалау деректері бойынша қылмыстық істер тіркелді.
"Полиция органдарына 10 адам жеткізіліп, олардың төртеуіне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде".Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін 88 млн теңге көлеміндегі қайырымдылық қаржысын жымқырды деген күдікті Оралда ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:14, 7 шілде 2026
Қазақстанға 500 млн теңгенің вейпін заңсыз кіргізбек болғандар тұтылды
-
16:58, 7 шілде 2026
Халықаралық БАҚ қазақ тілінде сөйлейді: Президент бастаманы құптады
-
16:55, 7 шілде 2026
Нөсер жауын Алматы облысындағы апатты көпірді шайып кетті
-
16:49, 7 шілде 2026
FIFA 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты финалының добын таныстырды
-
16:40, 7 шілде 2026
Шетелдіктерге тұруға ықтиярхат пен тұрақты тұруға рұқсат беру қағидалары жаңартылды





