FIFA 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты финалының добын таныстырды
© Сурет: Instagram/fifaworldcup
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалдық матчында қолданылатын Trionda Final атты ресми доптың суреттерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлемдік футбол ұйымының баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа доптың ішкі құрылымы қазіргі әлем чемпионатында қолданылып жүрген Trionda үлгісімен толықтай бірдей.
"Бүкіл әлем қарап тұрған сәтте әрбір жанасудың маңызы зор. Назарларыңызда – Trionda Final", – деп мәлімдеді FIFA.
Trionda Final добы ақ түсте жасалған. Оның бетінде қара және алтын түсті өрнектер, сондай-ақ қызыл түсті бөлшектер бар. Сонымен қатар допқа қазіргі әлем чемпионатының матчтарын қабылдап жатқан қалалардың атаулары жазылған.
Қазіргі уақытта 2026 жылғы әлем чемпионатының алтын жүлдесін қай құраманың жеңіп алатыны әзірге белгісіз.
Осы уақытқа дейін турнирдің келесі кезеңіне өткен алты құрама анықталды және олар чемпиондық атақ үшін күресті жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, әлемнің қазіргі чемпионы Аргентина құрамасы ширек финалға жолдаманы бүгін кешкі 21:00-де Мысыр құрамасына қарсы өтетін матчта сарапқа салады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:01, 7 шілде 2026
Тоқаев цифрлық активтер индустриясын ынталандыру жөніндегі Жарлыққа қол қойды
-
17:36, 7 шілде 2026
«Нөсер жаңбыр, дауыл, аптап ыстық». Еліміз бойынша 8 шілдеге арналған ауа райы болжамы
-
17:26, 7 шілде 2026
Шымкентте көпқабатты тұрғын үйде өрт болып, төрт адам эвакуацияланды
-
17:14, 7 шілде 2026
Қазақстанға 500 млн теңгенің вейпін заңсыз кіргізбек болғандар тұтылды
-
16:58, 7 шілде 2026
Халықаралық БАҚ қазақ тілінде сөйлейді: Президент бастаманы құптады






