Спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде отандасымыз чемпион атанды

19:52, 19 сәуір 2024

© Сурет: olympic.kz

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қазақстандықтар екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, еркін жаттығудан Милад Карими чемпион атанды. Ол 14.766 ұпай жинады. Дмитрий Патанин болса, 14.500 ұпаймен қола медаль жеңіп алды.

Ал күміс медальді 14.566 ұпаймен ұлыбританиялық Люк Уайтхаус иеленген.

Айта кетелік, Милад іріктеу кезеңінде де еркін жаттығудан көш бастаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!