Спорт министрлігі сотта сурдлимпиада чемпионы Еркебұлан Қанафиннен жеңіліп қалды

10:08, 5 желтоқсан 2022

© Сурет: Zakon.kz

Мәдениет және спорт министрлігі Сурдлимпиада чемпионы Еркебұлан Қанафиннің шағымы бойынша сотта жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 қарашада Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен 2022 жылғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Еркебұлан Қанафин арасында іс жүргізу бойынша шешім шығарды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитеті.

Сот ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 151-152, 154-155 баптарын басшылыққа ала отырып, Судрлимпиада ойындарының алтын медалін алған Қанафинге ақшалай сыйақы төлеуден бас тарту туралы шешімді заңсыз деп таныды.

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесінің Қанафин Еркебұлан Қайратұлына ақшалай сыйақы төлеуден бас тарту жөніндегі әрекеті заңсыз деп танылсын. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесі Еркебұлан Қанафинге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы қаулысымен белгіленген мөлшерде ақшалай сыйақы төлесін", – делінген мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімінде.

Еркебұлан Қанафин сурдо дзюдодан 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Ұлттық құрамаға алғашқы алтынды әкелді. Дегенмен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің түсініктемесімен оның жетістігі нивелирленді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!