Спорт кешені коронавирус науқастар жататын орын бола ма - ШҚО әкімдігі түсінік берді

15:44, 29 маусым 2020

Облыстық әкімдікте аймақта спорттық нысандарды инфекциялық және провизорлық орын негізінде дайындауға және онда коронавирус жұқтырған науқастарды орналастыруға аса қажеттілік жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Өскемендегі Ольга Рыспакова атындағы жеңіл атлектикалық орталықты COVID-19 ауруын жұқтырғандардың ауруханасына айналдырып жатыр" деген мағынада видео тараған болатын. Бұған қатысты әкімдік түсініктеме беріп, оны жоққа шығарды.

- Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары! Бұл видео ШҚО аумағында түсірілмегенін және өңірдің спорт кешендеріне еш қатысы жоқтығын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта облыста коронавирус жұқтырған науқастарды орналастыруға арналған инфекциялық және провизорлық стационарларда төсек-орындар жеткілікті, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!