Сөзден іске көшу керек: Олжас Бектенов есептің орнына нақты нәтиже талап етті
© Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 6 қаңтарда өткен Үкімет отырысында мемлекеттік органдарға барлық мәселені шешуде прагматикалық тәсіл ұстанып, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтижеге қол жеткізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бектенов президенттің бағдарламалық сұхбатында алдағы кезеңге нақты міндеттер қойылғанын атап өтті.
"Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар осы міндеттерді табысты іске асыру үшін бар күш-жігерін салуы тиіс. Сөзден іске көшу керек. Барлық мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже көрсету қажет. Есептер мен презентацияларды тоқтатыңыздар. Егер нәтиже болмаса, мұның бәрі – құр сөз ғана. Жаңа тәсілмен жұмыс істей алмасаңыздар, оны ашық айтыңыздар, бұл мәселелерді шешеміз", – деді премьер-министр.
Сондай-ақ Олжас Бектенов өз орынбасарларына Президент тапсырмаларының орындалуын өз салалары бойынша үйлестіруді тапсырды.
Бұған дейін Қазақстанға спутниктік интернет қызметін көрсететін екі оператор келетіндігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 7 қаңтар 2026
«Қайрат» сапынан негізгі құрамдағы екі ойыншы кетті
-
17:33, 7 қаңтар 2026
8 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
16:58, 7 қаңтар 2026
Талдықорғанда түтінге толған үйден жеті бала құтқарылды
-
15:58, 7 қаңтар 2026
8 қаңтарда Қазақстанның қай өңірлерінде жауын-шашын түсіп, боран соғады
-
15:30, 7 қаңтар 2026
ШҚО-да полицейлер жүргізушілерді қар құрсауынан құтқарды





