Сотта Байбектің тас-талқанын шығарамын – Жанболат Мамай

10:52, 6 мамыр 2021

© Сурет: УАҚЫТ КӨРСЕТЕДІ!

Сұрақтарыңды алдын-ала көрсетіп, келісіп алмасаң, Байбек өлсе де сұхбат беруге көнбейді, деген бір шындықтың бетін ашып қойды Жанболат Мамай.

"Уақыт көрсетеді" деген еркін канал Жанболат Мамайды сұхбатқа шақырыпты.

Мамай да іркілген жоқ. Бәрін айтып тастапты:

– Байбек бір күн де бизнесте болмаған адам. Өзі өмір бойы мемлекеттік қызметтен түспеген біреу. Туған-туыстарымен қоса қалайша байып алғанын тексеру керек. Қарапайым қатардағы соттың қандай парамен ұсталғанын көрдік кеше. Халық кедей. Қазақстанның кедей халқының барлық проблемасы Бауыржан Байбек сияқтылардың ұрлығынан болып отыр, деп бірақ айта салыпты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!