Сот Томирис Байсафаның өліміне қатысты ақтау үкімінің күшін жойды

23:18, 28 қазан 2021

© Сурет: Instagram/_ahmetova_zhanna

Мәскеу қалалық соты 2018 жылы сәуірде Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікке ілінген Дағыстан премьер-министрінің бұрынғы орынбасарының ұлы Муртазали Маджидовты ақтау туралы үкімнің күшін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маусым айында Никулин аудандық сотының алқабилері Меджидовты кінәсіз деп тапты. Істі қайтадан қарау үшін сот талқысына жолданады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне заңгер Шамиль Яндарбаев айтты.

Муртазали Мәжидов ақталғанға дейін қамауда болды. Сот шешімі шыққан күні ол босатылды. Әзірге, бұлтартпау шарасын қайта тағайындау мәселесі шешілген жоқ, - деді адвокат.

Марқұмның анасы Жанна Ахметованың айтуынша, қызы қайғылы оқиғаға дейін Меджидовпен екі жыл кездескен. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қайғылы жағдайға дейін Байсафа мен Маджидов МГИМО-ның төртінші қабатындағы аудиторияда ұрсысып қалған.

Томирис Байсафа белгісіз жағдайда төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бойжеткеннің сүйегі бірнеше жерінен сынып, көп қан жоғалтып, ақыры 3 мамырда қайтыс болды. Тергеу өз-өзіне қол жұмсау нұсқасына басымдық берді, мұнымен қыздың ата-анасы келіспейтінін білдірді.

2020 жылдың қазан айында Жанна Ахметова Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Мемлекет басшысы Томиристің өліміне қатысты істі өз бақылауына алды.

2021 жылдың маусымында алқабилер Меджидовты көпшілік дауыспен ақтап шықты. Ол сот залында босатылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!