Солтүстік Қазақстан облысында балықтар жаппай қырылып жатыр

15:58, 21 маусым 2018

Комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, Айыртау ауданы Жақсы-Жалғызтау су қоймасының балық шаруашылығы директорынан келіп түскен, деп хабарлайды Baq.kz.

Сондай-ақ, ол аталған аймаққа арнайы жедел топ жіберіліп, олардың солтүстік-батыс жағалаудан 83 кг өлі балық тапқанын анықтады. Үлгілер ветеринарлық зертханаға жіберілді.

«Балықтардың жаппай қырылуына қатысты ақпарат Солтүстік Қазақстан облысының Экология бойынша департаменті мен Солтүстік Қазақстан облысындағы РМК филиалының зертханасында тексерілген соң жарияланатын болады. Дәл қазір тағы да балықтардың қырылу жағдайы тіркелмеді. Солтүстік Қазақстан облысындағы су қоймаларында тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатыр», - деп жазды Сәкен Ділдахмет.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!