Смайыловтың төрағалығымен штабтың кезекті отырысы өтті
© Сурет: ПМ
Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен штабтың кезекті отырысы өтті. Талқылауға түскен мәселелердің бірі 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орынды пайдалануға беру болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 1924 орынға арналған 10 жатақхана пайдалануға берілді. Осы жылдың аяғына дейін 12 185 орындық қосымша 37 жатақхананы пайдалануға беру жоспарда бар. Кездесу қорытындысы бойынша қысқа мерзімде мүдделі мемлекеттік органдарға мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарау туралы бұйрық берілді.
Сондай-ақ жалғыз басты қарт азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау түрлері бойынша ақпарат берілді, атап айтсақ: өмірінде қиын жағдай орын алған кезде біржолғы материалдық көмек көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, санатория-курорттық емделу, тұрғын үйді жөндеу. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін пандустармен, арнайы лифттермен, дәретханалармен және зағип жандарға бағыттауыш белгілермен қамтамасыз ету секілді инфрақұрылымды жақсарту мәселесі қаралды. Қоғамдық бақылаудың аймақтық топтарының мониторинг объектілері бойынша жұмысы жандандырылуда.
Сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған мүгедектер үлесі жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген еңбекке жарамды мүгедектердің 29,7% құрайды.
Премьер-министрдің, бірінші орынбасары мүгедектерді жұмыспен қамту мәселелері бойынша қолдау шаралары кешенін қарастыруды (оқыту, жұмыс орындарын қайта жабдықтау, жалақының бір бөлігін субсидиялау, жұмыспен қамту квотасының сақталуын бақылау) қамтамасыз етуді және жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударуды тапсырды. Бұл шаралар 2025 жылға дейін әзірленген Ұлттық жұмыспен қамту жобасында көрініс табуы тиіс.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады