Смайылов тұрғын үйді жалға алу кезіндегі азаматтардың құқықтарын түсіндіруді тапсырды

14:51, 1 қазан 2022

© Сурет: primeminister.kz

Сенбі күні, 1 қазанда өткен көші-қонның өзекті мәселелері жөніндегі кеңесте Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов тұрғын үйді жалға алу мәселесіне де тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында Үкімет басшысы тұрғын үйді жалға алу кезінде азаматтардың құқықтарын түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. 

Бұл мигранттардың ағынына ғана қатысты емес, жалпы азаматтарымыз өз құқықтарын білуі керек. Egov немесе көп қолданылатын қосымшалар арқылы тараптардың құқықтары мен міндеттерін көрсететін типтік жалға алу шартына цифрлық түрде қол қоюға болатындай етіп жасау қажет. Бұл екі жақтың да құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Әлихан Смайылов

Алдында тиісті инфрақұрылымы бар өткізу пункттерінде Қазақстан азаматтары, жүк көлігі және шетелдіктер үшін жеке жол жолақтары бөлінгені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!