Смайылов 1 қарашаға дейін балабақшаларды лицензиялау мәселесін шешуді тапсырды

13:14, 9 тамыз 2022

© Сурет: Алматы әкімдігі

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында басты міндетіміз – халықтың оның барлық деңгейінде сапалы білімге кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету деді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы орайда Әлихан Смайылов мынадай тапсырма берді:

  • Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын аяқтау және оны «Bilimdi Últ» ұлттық жобасымен жедел үндестіру бойынша барлық шараны қабылдасын;

  • мектепке дейінгі ұйымдардың қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Оқу-ағарту министрлігі биыл 1 қарашаға дейін мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселесін пысықтасын;

  • Оқу-ағарту министрлігі Мәдениет және спорт министрлігімен, облыс әкімдіктерімен бірлесіп, ауылдық жерлердегі балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыруды қамтамасыз етсін;

  • облыстардың әкімдіктері мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде колледждерге қабылдауды арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жастарды жұмыспен қамтуды арттыруы керек;

  • Ғылым және жоғары білім министрлігі Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, еліміздің жетекші өңірлік мемлекеттік университеттерінің базасында Академиялық шеберлік орталықтарын құру мәселелерін пысықтауы керек.

Әлихан Смайылов барлық тапсырманың орындалуын бақылауды өзінің орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!